Қымыз жиіркенішті тағамдар музейінің экспозициясына енген

16:12, 9 қазан 2018

Қазақтың ұлттық сусыны қымыз жиіркенішті тағамдар музейінің экспозициясына енген деп жазады sn.kz.

Музейде адам ішіп, жеуге жиіркенетін тағамдар қойылады. Мәселен онда қытай жұмыртқасы мен тай халқының иістенген жеміс-жидектер бар. Тіпті бұл жерден өгіздің жыныс мүшесі қосылған тағамды да кездестіруге болады. Сондай-ақ жарқанаттан жасалған салат та бар. Бәрі түсінікті. Тек енді қымыздың бұлардың қатарында не үшін тұрғанын музейді жасақтағандар түсіндірмей отыр.

Музейді ашу идеясының авторы америкалық Самюэль УЭСТ. Ол осыдан 20 жыл бұрын Швецияға көшіп келген. Қазір тіл үйреніп, психолог боп еңбек етіп жүр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!