Қылмыскерлер бір кәсіпкерден 28 млн теңге, Бурабайдағы жері мен мәшинесін бопсалаған

12:51, 19 маусым 2019

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі бопсалаумен айналысқан бір топ адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 маусымда Ұлттық қауіпсіздік қызметі Нұр-Сұлтандық кәсіпкерден 27 миллион теңге, Бурабайдағы 10 сотық жері мен Mercedes Gelandewagen автокөлігін бопсалау арқылы тартып алмақ болған қылмыстық топты құрықтады.

- Қылмыс жасау барысында топ мүшелері "М" есімді азамат мен оның отбасы мүшелерін өлтіреміз деп қорқытқан, суық қару мен шын тапаншаға ұқсайтын қарудың муляждарын пайдаланған, - деп атап өтті ҰҚК.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!