КВИ жұқтырған бұрынғы вице-министр Камалжан Надыров ауруханадан шықты

15:50, 19 мамыр 2020
337

Қазақстан Республикасының бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров ауруханадан емделіп шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.

"Камалжан Надыров ауруханадан шықты және өзін жақсы сезінеді", - деді Бюрабекова.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы болып тағайындала салысымен Камалжан Надыровтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осыған байланысты қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының қазіргі басшысы Тілеухан Әбілдаевтың отставкасы уақытша күшін жойған еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!