КВИ науқастар саны мамырда шарықтау шегіне жетеді - Цойдың болжамы

11:13, 20 сәуір 2021
264

© Сурет: inbusiness.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясының елімізде таралуының оптимистік және шынайы сценарийіне қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцинамен қамтамасыз етіліп жатқанын ескере отырып, КВИ-дің таралу көрсеткішінің болжамын жаңартты. Оптимистік сценарий бойынша, егер вакцинация кестеге сай жүргізілетін болса, онда тәулігіне 3 мыңға дейін жағдай тіркеліп, сәуір айының аяғында ең жоғары деңгейді игеріп кетеміз деп күтіледі. Нақты сценарий бойынша және кестеге сәйкес вакцинация жүргізілді десек, онда мамыр айының ортасында күніне тіркелетін жағдай 4 мыңға (!) жетуі мүмкін, - деді Алексей Цой үкімет отырысында.

Ол бірінші кезеңде вакцинацияның әсері иммунитетті дамыту үшін қажет уақытпен шектелетінін атап өтті. Кейіннен әсері артып, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына әсер етеді.

Айта кетсек, 22 күн бойы Қазақстан "қызыл" аймақта қалып келеді. "Жасыл" аймақта тек Түркістан мен Қостанай облыстары қалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!