Құрбыларына қорлық көрсетіп, оны желіде жариялағандар анықталды

16:16, 12 желтоқсан 2018
341

Байқоңырда құрбыларына қорлық көрсеткен жасөспірім қыздар анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі жəне сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрбыларын қорлайтын əрекет жасап, оны видеоға түсіріп, жазбаны əлеуметтік желіге салған жасөспірімдердің аты-жөндері анықталды», - деді ол.

Оның дерегінше, оқиға 18 қараша күні Байқоңыр қаласында орын алған.

«Олардың барлығы да кəмелеттік жасқа толмаған, жергілікті орта мектептің оқушылары. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Алмас Садубаев.

Айта кетсек, құрбыларына қорлық көрсетіп, шашын қиған жасөспірім қыздардың видеосы әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің ашу-ызасын туғызған болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!