Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт ашылды

15:39, 4 шілде 2022

© Сурет: unsplash

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айтта ұйымдастырылатын қайырымдылық іс-шаралар, ақпараттық түсіндірме жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта өтеді. Діни басқарма ел азаматтарына, әсіресе қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2022.kz сайтын іске қосты.

Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажет қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе 7 адам бірігіп шалуына болады. Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөмірге жіберіледі.

Бас мүфти құрбан шалу рәсімі кезінде қауіпсіздік шараларға жіті мән беру қажет екенін айтты. Сонымен қатар жұмыс тобына тиісті тапсырмалар берді.

Құрбан айт – исі мұсылманның ұлық мейрамы. Бұл мейрамды жоғары деңгейде атап өту үшін ҚМДБ жанынан құрылған жұмыс тобы бекітілген жоспарды асқан жауапкершілікпен тиянақты түрде жүзеге асыруға тиіс. Осы бағытта әр бөлім қызметкері өзіне жүктелген жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыруы қажет, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!