Күнде қатқан кептеліс – Шамалған станциясы туралы үлкен шындық

09:15, 16 қыркүйек 2019
424

15 қыркүйекте автобус пен жолаушылар пойызы соқтығысқан Алматы облысындағы Шамалған станциясының тұрғындары талай жылдан бері көпір салуды сұрап келеді, деп хабарлайды Zakon.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

2017 жылдың қараша айында Алматы телеарнасы Ақсеңгір – Шамалған өткеліндегі көптеген шақырымдарға созылатын кептелістер туралы сюжет жасаған. Бұл жерде пойыздар бірнеше рет адам қаққан. Тек 2017 жылдың өзінде мұнда жеті адам қайтыс болыпты.

– Шамалған деген үлкен станция, атақты Қарасай ауданы дейміз. Бірақ бізді естімейді. Көпір салуды сұрап талай рет наразылыққа шықтық. Түк әрекет жоқ. Қағаз бойынша мұнда ендігі бірнеше көпір салынған деседі, ол көпірлер біреулердің қалтасына салынған сияқты, өйткені біздің Шамалғанда жоқ. Бір бағытта төрт сағат, екінші бағытта төрт сағаттап кептелісте тұрамыз, - деп жергілікті тұрғын Дана Зеленцова ашуланған еді.

Мұндағы ата-аналар күн сайын балаларының мектептен аман-есен оралуын уайымдайды.

Теміржол бұл елдімекенді екі ауданға бөліп жатыр. Бір ауданнан екіншіге өту мұң – бірнеше сағат кептелісте күтуіңіз керек.

Күн сайын таңғы 4:00-ден бастап 7: 00-ге дейін және кешкісін 20:00-ден 22:00-ге дейін бұл жер кептелістен көз ашпайды. Нәтижесінде ауыл тұрғындары үйлеріне тым кештетіп жетеді. Сабырсыздар көліктен түсіп, өз өмірін қатерге тігіп, жаяу тартады.

- "ҚазАвтоЖол" басшылығына талай хат жаздық, хатты облыс басшылары да жазған, биылдың өзінде ҚТЖ-ға екі хат кетті, бірақ жауап жоқ. Шынында, биыл жеті адам қайтыс болды: бір ақсақал өлді, бір әйел, бір бала пойыз астына түсіп өлді, сабағына бара жатқан 19 жастағы студент қыздың ажалы осы өткелден болды. Біздің осы бір мәселеміз шешіледі деп үміттенеміз, - деп 2017 жылы Қарасай ауданы Новошамалган ауылдық округі әкімінің орынбасары Марат Нүсіпов айтқан болатын.

Сол кезде жергілікті тұрғындар көпір жақын арада салынады деп үміттенген болатын.

15 қыркүйекте таңғы сағат 19:20-да Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде Алматы-Қостанай бағытымен жүретін пойыз жолаушылар автобусымен соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан автобус жүргізушісі қайтыс болды.

Автобустың үш жолаушысы, оның ішінде екі бала Қарасай ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!