Құлаған жатақхана орнына 31 жер үй салынады - Қызылорда облысының әкімі

16:04, 19 наурыз 2018
405

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Арал қаласындағы құлаған жатақханаға арнайы барып, тұрғындармен жүздесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз жетекшісі Салтанат Шаханова айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Кездесуде облыс әкімі облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, алдағы 4-5 ай көлемінде 31 жер үй салынатынын жеткізді. Осы жаңа қоныстан жатақханада заңды тіркеуде тұрған 16 отбасына баспана берілмек. Мұнан басқа Арал қаласында тозығы жеткен 8 үйдің тұрғындары да жаңа салынатын үйлерге қоныстанатын болды. Қалғандарын әкімдікте кезекте тұрған тұрғындар иеленеді.

Тұрғындар аймақ басшысының апатты жағдайды бірден шешуге жасаған батыл қадамына ризашылықтарын білдірді. «Біздер мәселе бұлай тез шешімін табады, деп ойлаған жоқпыз. Бұл да болса облысымыздың экономикасы қарыштап дамып келе жатқанының белгісі деп ойлаймын. Қиын сәтті жұртымен бірге бола білген облыс әкіміне алғысымыз шексіз», - деді тұрғындар атынан Оразгүл Лашынова.

Өңір басшысы аз қамтылған отбасыларының әрбірінен бір адамнан жұмысқа орналастыру жөнінде аудан әкіміне тапсырма берді.

Қазіргі күні жатақхананың 15 отбасы арнайы қабылдау орталықтарында тұрып жатыр. Оларға уақтылы ыстық тамақ берілсе, оқушылар үшін арнайы автобус бөлінген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!