Күйеуіне ән арнаған Баян Алагөзова жанкүйерлерін сүйсіндірді

12:14, 19 қыркүйек 2018

Талай әншінің жұлдызын жаққан Баян Алагөзова 40-тан асқан шағында ән айту туралы ойлана бастағандай. Таяуда ғана анасына арнап ән шырқаған продюсердің шабыты оянса керек. Ол енді сүйікті күйеуі Тұрсынғали Алагөзовке арнап ән жаздырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Баян Мақсатқызы өзінің де, қыздарының да аса әнге қабілеті жоқ екенін үнемі айтатын. Алайда ол екі перзентінің де өнерге жақын болғанын қалаған. Тіпті, Айаруды еркінен тыс 7 жыл фортепиано мектебінде оқытқан Алагөзова мұнысынан түк шықпайтынын ақыры түсінген.

Десе де, өлеңге әркімнің-ақ бар таласы демей ме? Әрі өмірлік махаббатын орта жолда кезіктірген Мақсатқызы қазіргі жай-күйін жаңа әні арқылы жеткізгісі келсе керек-ті.

Тұрсынғали Алагөзов жары Баянның өзіне арнаған әнін жариялап, алғысын білдірді. Ал желі қолданушылары Баянға “романтик” деп баға беріп, туындының әдемі шыққанын атап өткен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!