Құдықтан су алып жатқан үш жігіт опат болды

14:52, 15 тамыз 2018

Алматы облысы Алғабас ауылында құдықтан су тартып алып жатқан үш адам иіс газына тұншығып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 12 тамызда кешкі уақытта болыпты.

1993-1994 жылдары туған жігіттер он метр терең құдықтан су тартып шығарып жатады. Мотопомпадан шыққан иіс газына тұншыққан олар оқиға орнында жан тапсырды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!