Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

16:22, 14 наурыз 2018
407

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Today.kz.

Астанада сот жемқорлыққа қатысты істің үкімін оқып, ҚР бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен 22 фигурантқа жаза тағайындады. Қуандық Бишімбаев мүлкінің тәркіленуімен он жылға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге салайық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро нұсқасы бойынша "Бәйтерек" холдингі АҚ басқарма басшысы Қуандық Бишімбаев қаражат жымқыру үшін қылмыстық сызба құрып, құрылыс компанияларынан пара алып отырған. Соңғы ақпарат бойынша, ол сегіз рет пара алып, бір рет бюджеттен 1,2 миллиард теңге ақша жымқырған, жеті рет "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында 346 миллион теңге пара алған.

Қуандық Бишімбаев ұлттық экономика министрі лауазымынан 2016 жылдың соңында босатылып, пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Тергеу жұмыстары 10 айға созылып, іс сотқа 14 қазанда жетті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!