ҚТЖ Украинаның қазақстандық кемені ұстау туралы сұрауына қатысты түсінік берді

16:04, 2 шілде 2022

© Сурет: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кеше БАҚ арқылы Украина Бас прокуратурасы жүк кемесін ұстап, қамауға алу жөнінде Түркияға сұрау салғанын хабарланды. Осыған қатысты ҚТЖ түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚТЖ мәліметінше, бұл өтініштің нақтылығын Украинаның уәкілетті мемлекеттік органдары тексереді. Екі елдің елшілерімен белсенді консультациялар жүргізіліп жатыр. 

Бұрын хабарланғанындай, астық сату мәмілесі эстониялық Mangelbert OU компаниясы мен түрік тарапы арасында жүргізілген. Еуропада тіркелген компания мәміленің заңды екенін мәлімдеп отыр. Жағдайды түсіндіру және халықаралық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ҚТЖ кемені жалға алушыға барлық растаушы құжаттарды (келісімшарттар, куәліктер және т.б.) қоса бере отырып, мән-жайды жедел түрде егжей-тегжейлі түсіндіруді сұрап хат жолдады. ҚТЖ халықаралық құқық нормаларын сақтауға міндетті екенін растайды.  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!