ҚР ҰОК бас хатшысы жаңадан тағайындалды

17:40, 19 мамыр 2020
409

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша вице-президенті Андрей Крюков Қазақстан ҰОК президентінің бұйрығымен ұйымның бас хатшысы міндетін атқарушы қызметіне уақытша тағайындалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұған дейін бас хатшы міндетін атқарған Сәкен Мұсайбеков 6 мамыр күні Қазақстан мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалғандықтан өкілеттігін тоқтатқан болатын. Осылайша, Қазақстан ҰОК Бас Ассамблеясының кезекті отырысы өткенше аталған қызметті Андрей Крюков атқарады.

Айта кетелік, Андрей Крюков 2015 жылдан бері Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша вице-президенті.

Одан бөлек, Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) бюросының мүшесі, Бүкіләлемдік допингке қарсы ұйымның (ВАДА) құрылтайшылар кеңесінің мүшесі, Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығы (АНОК) Медициналық комиссиясының мүшесі, Азия Олимпиада кеңесі (АОК) құқықтық комиссиясының мүшесі және Азия жүзу федерациясының (AASF) вице-президенті саналады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!