ҚР Сыртқы істер министрі АҚШ-қа арнайы шақыртумен барады

17:59, 9 желтоқсан 2019

12-13 желтоқсан аралығында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің АҚШ-қа ресми сапары жоспарланған. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлады zakon.kz.

"12-13 желтоқсанда америкалық тараптың шақыруымен ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеубердінің АҚШ-қа ресми сапары жоспарланған", - деді Смадияров.

Ол сапар барысында министрдің Мемлекеттік хатшы Майк Помпеомен, үкіметтің, АҚШ Конгресінің және Дүниежүзілік банктің ресми өкілдерімен кездесулері жоспарланғанын айтты.

- Жоспарланған келіссөздер барысында екіжақты және аймақтық күн тәртібінде тұрған кең ауқымды мәселелерді талқылау көзделген, - деп атап өтті ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!