ҚР СІМ Италияда ірі жол апатынан балалардың қаза табуына байланысты Венгрия халқына көңіл айтты

19:14, 21 қаңтар 2017
226

Бұл туралы ҚР СІМ өзінің Twitter парақшасында хабарлады. 

«Веронадағы жол апатында балалардың қаза табуына байланысты Венгрия халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тез арада сауығып кетулерін тілейміз», – делінген хабарламада.

 Естеріңізге сала кетейік, Италияда венгриялық жасөспірімдер мінген автобус жол апатына түсіп, 16 адам көз жұмып, тағы 39-ы жараланды.

Италия территориясын кесіп өтіп, Франциядан Венгрияға бағыт алған туристтік автобус бағанаға соғылып, отқа оранған. 

Нақты мәліметтерге сүйенсек, көлікте 55 адам болған. Олардың дені – жасөспірімдер.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!