ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы жаңадан тағайындалды

17:41, 1 қазан 2020

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы болып Асқар Шоқыбаев тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев 1974 жылы туған. 1996 жылы Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін шығыстану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінен бастаған. Осы жылдары ол "Қазақойл", "Қазақтелеком", "Қазтрансгаз" ұлттық компанияларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында түрлі қызметтер атқарды. 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Стамбулдағы Бас консулы, кейін 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулы болды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейі ол 2014 жылдан бастап Катар мемлекетіндегі Қазақстанның елшісі болды. ІІ-деңгейдегі төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар. Араб және ағылшын тілдерін жетік біледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!