ҚР Президентінің көмекшісі Аида Балаева болды

12:13, 22 шілде 2019
116

Аида Балаева ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап, Zakon.kz.

Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Балаева Ғалымқызы басқа қызметке ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі бастығы қызметінен босатылды.

- Аида Ғалымқызы Балаева ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, - делінген хабарламада.

Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдап, орыс тілі және орыс тілі әдебиетінің мұғалімі мамандығын алған. Одан бөлек, Қазақ ұлттық аграрлық университетінен заңгер мамандығын алып шыққан. Әлеуметтану ғылымының кандидаты.

"Құрмет" , "Парасат" ордендерінің иегері.


Источник: zakon.kz

Пікір