ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы қызметкерлері Б.Майлыбаев және Н.Галихин қамауға алынды

13:12, 16 қаңтар 2017
551

2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген («Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету») қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болған Б.Майлыбаев және Н.Галихин ұсталды.

14 қаңтарда Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді.

Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамауға алынды.

Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды.

Тергеп-тексеру жалғасуда, оның барысы және нәтижелері жөнінде қосымша хабарланатын болады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының ҰҚК баспасөз қызметі.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!