ҚР премьер-министрі ЕАЭО-ны ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жеделдетуге шақырды

15:26, 3 ақпан 2023
142

© Сурет: primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов 3 ақпан күні Алматыда өтіп жатқан кеңейтілген құрамдағы ЕҮАК отырысында интеграцияланған ақпараттық жүйені іске қосу өзара саудадағы кедергілердің едәуір бөлігін жоятынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, Одақтағы өзара іс-қимылдың тиімділігі үшін ортақ процестер мен ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін іс жүзінде іске асыру қажет.

"Одақтың экономикалық әлеуетін уақтылы және тиімді ақпарат алмаспай іске асыру мүмкін емес. Біріктірілген ақпараттық жүйені толыққанды іске қосу өзара саудадағы кедергілердің айтарлықтай бөлігін жояды, транзиттік және сыртқы сауда процестерін жеделдетеді. Мен елдерді ұлттық ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жеделдетуге шақырамын". Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!