ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысының тікелей трансляциясы

12:22, 20 наурыз 2019
873

2019 жылғы 19 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу кезінде өзінің өкілеттігін тоқтатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді жоғарғы палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентінің міндетін уақытша атқаратын болады.

Осыған орай Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысы жайлы бұйрыққа қол қойды.

- Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес Қазсқатан Республикасы Парламенті Палаталарын біріккен отырысқа шақырылсын, - делінген Мәжіліс төрағасының бұйрығында.

Айта кеткен жөн, отырысқа Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдайды. Бұдан бөлек, Сенаттың жаңа спикері тағайындалмақ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!