ҚР ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдинаның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

10:37, 9 қазан 2019

Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәселе Баймолдинаның өз өтініші бойынша қаралды.

- Мәжіліске ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинадан өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші келіп түсті. Зәуреш Хамитқызы Мәжілістің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалған. «Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 19-бабы, 6-тармағы, 1-бөліміне сәйкес, сайлау комиссиясының мүшесі егер өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш берсе, онда ол қызметінен босатылады. Осыған сүйене отырып, біз Баймолдинаның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамыз, - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Депутаттар бұл ұсынысты қолдады.

Зәуреш Баймолдина 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!