ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері жас толыммен толығуда

14:41, 20 қазан 2017
851

ҚР ҚК ӘҚК 78639 әскери бөлімінің кіші мамандарын даярлау бойынша оқу-жаттығу орталығына Алматы, Көкшетау, Тараз, Қарағанды, Шымкент, Қостанай, Ақтау, Ақтөбе және Өскемен қалаларынан бірнеше команда болып 300-ге жуық шақырылушы келді.



Бір ай бойы жас толым бастапқы әскери дайындық курсынан өтіп, әскери қызмет негіздерін, ҚР Қарулы Күштері жалпыәскери жарғыларының нормалары мен талаптарын зерделеп, олар үшін жаңа жағдай мен күн тәртібіне бейімделеді. Курс әскери ант қабылдаумен аяқталады.



Дайындық курсы аяқталысымен әскери қызметшілер кіші мамандардың алты айлық курсынан өтеді. Оның барысында олар электр орнатушы, радиолокациялық станциялар, зениттік-зымыран және радиотехникалық әскерлер операторы, дизельші, көп осьті автомашиналар жүргізушісі мен шынжыртабанды тартқыштардың механик-жүргізушісі мамандықтарын игереді.



Кіші мамандардың дайындық курсы аяқталғаннан кейін оларды ҚР ҚК ӘҚК-нің әскери бөлімдеріне жібереді. Ол жерде оларға әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің авиациялық техникасы мен қару-жарағының әртүрлі үлгілерінде қызмет етуге тура келеді.



«Жас толымның келуіне әскери бөлімнің қолбасшылығы үнемі мұқият дайындалады. Әскери бөлім базасында оқу-материалдық базаны ұдайы жетілдіріп, оқу үдерісінің компьютерлендіру дәрежесін арттырып, техникалық оқыту құралдарының заманауи кешендерін кеңінен енгізіп отыратын тәжірибелі офицерлер, жоғары білікті оқытушылар құрамы қызмет жасайтынын айта кеткен жөн», - деп 78639 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік және дене даярлығы жөніндегі орынбасары полковник Талғат Зейнелов атап өтті.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!