ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы жаңадан тағайындалды

12:41, 5 маусым 2020
543

Айдын Ашуев жаңа лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жұмабекұлы Ашуев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды", делінген Ақорда жариялаған хабарламада.

Ашуев Айдын бұған дейін ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болған.

1976 жылы 26 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!