ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары жаңадан тағайындалды

09:26, 12 қараша 2019
460

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен І-дәрежелі капитан Серік Борамбаев ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары - Бас штабтың Тәрбие және идеологиялық жұмыстары департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Киев жоғары әскери-теңіз мектебінің түлегі, РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери университетінде, РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери университетінде аспирантурасында, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде академиялық курстарда оқыған.

І-дәрежелі капитан Серік Борамбаев өзінің қызметін Каспий теңіз айлағының кемелері дивизионы күзетінің комсомол жұмысы жөніндегі саяси бөлім бастығының көмекшісі ретінде бастады. Осы жылдар ішінде ол Атырау облыстық әскери комиссариатында қызмет атқарды, Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары және ҚР Әскери-теңіз күштері қолбасшысының орынбасары болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!