ҚР ІІМ ТЖ комитеті «Крещение Господне» уақытында қауіпсіздік қағидаларын сақтауды ескертті

12:51, 18 қаңтар 2019
860

Христиандық «Крещение Господне» мерекесіне де аз уақыт қалды, республиканың азаматтары 2019 жылы 19 қаңтарда крещение шомылуына қатысады. Осыған орай, ҚР ІІМ ТЖ комитеті халыққа суайдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау туралы ескертеді, деп хабарлайды zakon.kz.

«Крещение Господне» мерекесін өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің құтқару бөлімшелері 2019 жылдың 18-20 қаңтар аралығында кезекшілікті атқарудың күшейтілген нұсқасына көшеді.

Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жеке кеңестер өткізіп, ел бойынша азаматтардың жаппай шомылуы үшін су айдындарында 308 ресми қауіпсіз орын анықталды.

Көрсетілген кезеңде төтенше жағдайлар департаменттері, жедел-құтқару жасақтары, өрт сөндіру қызметтері және Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің тәулік бойғы режимінде кезекшілік ұйымдастырылады. Барлығы 1656 қызметкер (құтқарушылар) және төтенше жағдайлар комитетінің 451 бірлік техникасы тартылды.
Алдағы «Крещение» қарсанында құтқарушылар халық арасында суға шомылу кезінде қауіпсіздік қағидаларын ескертіп профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Қайғылы оқиғаны болдырмау үшін, ҚР ІІМ ТЖК крещение шомылуына қатысу:
балаларға;
бұл істе тәжірибесі жоқ адамдарға;
егде жастағы адамдарға;
денсаулығы төмен адамдарға;
ішімдік ішкен және бас жазу белгісі бар адамдарға қауіпті екенін ескертеді.

Есте мынаны сақтау қажет: Мұздай суық суға сүңгіген сәтте адамның ағзасына қатты ауыртпалық түседі:орта температураның күрт өзгеруі салдарынан адамның тынысы мен жүрегі тоқтап, қан жолдары тарылып қалуы мүмкін, адамның талып қалуы да әбден ықтимал. Ал суда талып қалу дегеніміз – 3-5 минуттың ішінде құтқару шараларын жасамаған жағдайда, адам бірден көз жұмады. Ал жабдықталмаған мұз ойығында шомылу кезінде су ағынымен адамды мұз астына алып кетуі мүмкүн, бүл жағдайда зардап шеккен адам қалайда өлімге душар болады.

Осыған байланысты құтқарушылар ескертеді, крешение суға шомылу рәсіміне қатысуға бел буған азаматтар келесідей шарттарды білуі тиіс: тек белгіленген, арнайы құрылғылармен қамтамасыз етілген, көмек қажет болғанда қол ұшын беретін арнайы мамандары бар орындарда ғана суға түсіңіздер.
Крещение кезінде ойықтарда шомылуды жоспарлаған адамдар мына ережелерді сақтауы тиіс:

Ойыққа кірер алдында денені серпіп бой жаздыру;
- Суға түсер алдында қауіпсіздік үшін жеңіл аяқ киім немесе шұлық кию;
- Ойыққа кірер алдында терең дем алып, деміңізді тоқтатып суға сүңгу қажет.
- Суға секіру және баспен сүңгуге болмайды, өйткені дене жылуы тез тарқап суықтан естен тануға әкеліп соғуы мүмкін.
- Жалпы ағзаның тоңазуына жол бермеу үшін мұз ойығында 1 минуттан астам уақыт болу қауіпті.
- Баламен келген жағдайда, бала шомылу кезінде оны қадағалау қажет.
- Судан шыққан сәтте сізді орамал мен жамылғышпен біреу қарсы алғаны дұрыс.
- Судан шыққан кезде өзіңіздің және баланың денесін орамалмен ысқылап, құрғақ киім кию қажет.
- Суға түскеннен кейін профилактика үшін дәрілік шөптен, жидектен немесе жемістен жасалған ыстық шай ішу қажет.

Бұдан басқа, еліміздің азаматтарының назарын қыс кезеңінде суайдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға аударғым келеді, бірінші кезекте:
- түнгі уақытта және көрінуі нашар болған кезде мұз үстіне шығуға болмайды;
- мұздың жұқа және бекімеген учаскелеріне шығуға болмайды;
- мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға болмайды;
- мұздағы жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға болмайды; автомобильдермен өткелдерден тыс жерлерге шығуға болмайдыі.

Балық аулаушыларға жеке құтқару құралдары болғанда мұз астынан балық аулауға рұқсат етіледі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!