ҚР Энергетика министрлігі: Бензин бағасы 165 теңгеге жетуі мүмкін
Қазақстанда АИ-92 бензинінің литрі 165 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.
Бүгін бұл жайлы Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Сенат отырысында айтты.
Ал аптаның басында Үкіметте Энергетика министрі Қанат Бозымбаев: «Қазан-қараша айларында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 160-161 теңге болуы тиіс», – деген еді. Ал бүгін вице-министр: ««ҚазМұнайГаз» отынды Ресейден сатып алады. Ол елде баға қымбаттау. Сондықтан біздегі бензиннің бағасы 165 теңге шамасында болады», – деген болжамын жеткізді.
Бақытжан Жақсалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:
– 2018 жылы мұнай өңдеуді 15 миллион тоннаға жеткізіп, осы арқылы елімізде отын тапшылығын жоюды жоспарлап отырмыз. Қазір бензиннің бағасы біраз өсіп, литрына 165 теңге болады деп пайымдаймыз. Бензин жеткізу барысында жағдай тұрақталған соң баға төмендейтін болады.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:01, 19 сәуір 2024
Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
-
11:59, 19 сәуір 2024
Мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер мөлшері аталды
-
11:28, 19 сәуір 2024
Жайық өзеніндегі су деңгейі үздіксіз көтерілуде
-
11:11, 19 сәуір 2024
Алдағы күндері қай өңірдегі өзендерде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде
-
10:57, 19 сәуір 2024
Атырауда бөгеттерге арналған қаптарды ұрлаған