ҚР Цифрлық даму вице-министрі болып Әсет Тұрысов тағайындалды

20:02, 19 қаңтар 2021
284

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әсет Нұрланұлы Тұрысов 1987 жылы дүниеге келген.

2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2017 жылы "Нархоз" университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы "Қазақтелеком" АҚ-да бастаған.

2010-2011 жылдары — "Қазақтелеком" АҚ электр байланысы инженері.

2011-2012 жылдары — ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті "электрондық үкіметті" дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы.

2012-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің жобалық құжаттаманы талдау және ақпараттандыру жаңа моделін қалыптастыру бойынша сарапшы, бас сарапшы.

2014 жылы — "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК басқарушы директоры.

2014-2017 жылдары — "Қазпошта" АҚ құрылымында жұмыс істеді.

2018 жылғы қаңтардан қазірге дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!