Ковидқа қарсы екпе алғандар арасында кісі өлімі фактісі тіркелген бе?

15:42, 23 сәуір 2021
212

© Сурет: Pixabay

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның салдарынан кісі өлімі тіркелген-тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында кейбір қазақстандықтар еліміздегі коронавирусқа қарсы вакцинациямен байланысты кісі өлімі фактісін ашық айтылмайтынын сөгеді. Осыған байланысты біздің редакция Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне: "Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациядан соң адамның қайтыс болу фактілері тіркелген бе?" деген сауалмен жүгінді.

Бұл сұраққа жауап бере отырып, құзырлы орган, ең алдымен Қазақстанда қолданылатын коронавирусқа қарсы Sputnik V вакцинасының қауіпсіз әрі тиімді екенін атап өтті.

- Бұл вакцина біздің елмен бірге 50-ден астам мемлекеттің тұрғындарына салынып жатыр, 10 миллионнан астам доза қолданылған. Бұл препаратпен вакцинация басталғаннан бері ешқандай жағымсыз жағдайлар тіркелмеген, деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Sputnik V-ге аллергиялық реакциялар туралы айтатын болсақ, мамандар мұндай жағдайлар бойынша нақты статистика жоқ екенін атап өтті.

Бірақ өндірушінің айтуынша, аллергиялық реакциялар байқалмаған. Вакцинаның құрамында аллергенді компоненттер жоқ. Ең реактивтісі - аллергия тудырушыға жатпайтын алюминий гидроксиді. Егер бұрын алған вакцинаға қарсы анафилактикалық (аллергиялық) реакция болған болса, онда бұл компонент реакцияның жоғарылауын тудыруы мүмкін. Екпеге аллергиясы барлар вакцинациядан бас тартқаны дұрыс.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір