Ковид науқас анықталып, Нұр-Сұлтан әуежайы абыр-сабыр болды

10:48, 13 мамыр 2021
322

© Сурет: zakon.kz

Нұр-Сұлтан әуежайының баспасөз қызметі Ashyq жобасының алғашқы күнін қорытындылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ashyq жобасының алғашқы күнінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкерлері төрт "сары", екі "қызыл" белгісі бар жолаушыларды анықтады. Алгоритм бойынша, "қызыл" белгісін көрсеткен жолаушылар жедел жәрдем келгенге дейін оқшауланып, одан кейін олар ауруханаға жатқызылды, - дейді әуежайдағылар.

12 мамырдан бастап Ashyq жобасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында толығымен іске қосылып, жұмыс істеп жатыр.

Барлық жолаушыларға (ұшып бара жатқан) әуежайға келер алдында ұялы телефонына қосымшаны жүктеп алып, ондағы мәртебесін алдын-ала тексеру қажет екенін ескертеміз. "Сары" және "қызыл" мәртебесі бар жолаушылар терминал ғимаратына кіргізілмейді. Ұшаққа жіберілмеген жағдайда билет ақшасын қайтару туралы сұрақтар әуе компаниясына жолдануы керек, - дейді әуежай қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!