Қостанайлық зейнеткерлер өз үйлерінде өртеніп кетті

14:00, 24 мамыр 2018
488

Қостанай облысындағы ауылдардың біріндегі тұрғын үй өрті кезінде екі зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше Станционное ауылындағы үйлердің бірінде болған.

«Сағат 04.36-да жеке тұрғын үй өртенді. Үйдің кіреберісі мен дәлізі, ванна бөлмесі жанып кетті. Өрт төбе жабындысының кей жерлерін шарпыды. Өрт ауқымы 30 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар келмей тұрып, жанып жатқан үйден екі адамның денесі табылды», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алдын ала анықталғандай, өрт кезінде 80 жастағы үй иесі мен оның 78 жастағы жұбайы көз жұмған. Өрттің себептері анықталып жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!