Қостанайлық қыз әкесін сотқа берді

14:02, 20 қыркүйек 2018
384

Қостанайлық қыз қалалық сотқа әкесіне қарсы талап арыз түсірді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қыз оқу орнында білім алған кезеңдегі әкесінің ай сайынғы барлық табысының ¼ көлемін алимент ретінде өндіріп алмақ.

"Жауапкер қызының алдындағы міндетін орындамай келген. Талапкердің әкесі қызы білім алған кезең үшін ай сайын 20 000 теңге көлемінде өз еркімен алимент төлеуге міндеттелді. Қызы талап арызынан бас тартты" – деп хабарлады сот.

Мұндай нәтижеге алдын ала сот отырысында қол жеткізілді. Судья тараптарға дауды бейбіт жолмен тоқтату құқығын түсіндірді. Тараптар соттан дауды реттеу жайлы келісімді бекітуді сұрап өтініш берді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!