Қостанайда жұмыс орнында топырақ опырылып, бір адам мерт болды

15:17, 19 шілде 2018

Қостанай қалалық №2 сотында техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзған ЖСҚ директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Іс материалдарына сәйкес, қайғылы жағдай 17 мамырда Қостанайда «Юбилейное» тұрғын үйінің құрылысы аумағында болған.

«Газ құбыры үшін траншеяларды қазу кезінде топырақ опырылып кеткен. Осы кезде траншеяның жанында ЖСҚ-ның жұмысшысы темір ұстасы-монтаждаушы болған. Ол оқиға орнында қайтыс болды», - делінді сотта.

Негізгі сот ісі 26 маусымға белгіленді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!