Қостанайда жоғалып кеткен 14 жасар қыз Көкшетаудан табылды

10:15, 13 шілде 2018

Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің полиция қызметкерлері жоғалған 14 жастағы қызды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 шілде күні Қостанайға қыдырып барған14 жастағы Алматы тұрғыны Әл-Фараби даңғылының бойындағы үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Іздеу іс-шаралары барысында кәмелет жасқа толмаған қыз Көкшетау қаласынан табылды, Қостанай полицейлері дереу жолға шықты. Көп ұзамай қыз үйіне жеткізіледі», - деп хабарлады полиция қызметкерлері.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!