Қостанайда жоғалған әйелді күйеуі, досы мен күйеубаласы өлтіргендерін мойындады

10:01, 20 ақпан 2017

Қостанайда 48 жастағы әйелдің өліміне оның бұрынғы күйеуі, күйеубаласы мен досы күдікті деп танылды. Бұл туралы stan.kz, Alau.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
 
Облыстық прокуратураның екінші басқарма жетекшісі Қайрат Жүсіповтің айтуынша, анасының жоғалғаны туралы арызды қызы жазған.
 
Адам жоғалу ісі бойынша тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталды. Бір аптадан соң жоғалған әйелді оның күйеуі қылқындырып өлтіргенін мойындады. Мәйітті тексере келе, қылмыстың өзге де қатысушылары анықталды. Олардың әйелді өлтіруіне жеке қатынастары себеп болған.
 
Бұл оқиға 2017 жылдың 29 қаңтарында болды. Қылмыскерлер денені жасыру үшін Тобыл өзеніне лақтырып тастаған. Әйелдің бұрынғы күйеуі, күйеубаласы мен досы бұл іске қатысын мойындады.
 
Қазіргі уақытта күдіктілерді қамауға алу мәселесі қарастырылып жатыр.
 
Фото: stan.kz

Дереккөз: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!