Қостанайда ұсталған адамның полиция көлігінен секіріп қашқан сәті видеоға түсіп қалған

10:30, 23 қыркүйек 2020
137

Қостанайда тәртіп сақшылары ұстаған адам бағдаршамға тоқтаған шақта көліктен секіріп қашқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұның бәрі көше қиылысында бағдаршам қызыл жанғанда болған. Бұл жайттың видеосы әлеуметтік желілерде тарап, қызу пікірталас тудырды.

Көліктен сытылып шыққан ер адам қолын бір сілтеп, тәлтіректеп кетіп қалады. Соған қарағанда ол мас.

Тәртіп сақшылары оның жоқтығын бірден байқап, оны қайта дереу ұстап алып кетеді. Ол бастапқыда мас күйінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ұсталған екен.

"Автозактың" есігін дұрыс жаппаған полиция қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!