Қостанайда өрттен қайтыс болған балалардың оқиғасына қатысты тың мәлімет жарияланды

11:32, 4 желтоқсан 2020

Қостанайда тұрғын үйден өрт шығып, екі бала ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кеше түстен кейін Фрунзенское көшесіндегі жер үйдің бірінен өрт шықты. Ауданы 12 шаршы метрді қамтитын жатын бөлмеде жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенген. Бұл кезде үй иелері көрші Аят ауылына азық-түлік алу үшін кеткен. Үйге балаларды тастап кетеді: төрт жасар Екатерина мен екі жасар Кирилді. Балалардың денесін ата-аналары тапқан. Өрт шыққан жерге олар бірінші болып жеткен, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының азаматтық қорғаныс жөніндегі орынбасары, подполковник А.Орымбаев.

Көк түтін басқан үйден балаларды алып шыққан ата-ана бірден ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пунктке тартқан. Ол араға барғанда балалар әлі тірі болыпты. Алайда сағат 17: 15-те дәрігерлер клиникалық өлімді тіркегенін, балалардың ес жимастан қайтыс болғанын мәлімдеді.

Өртті сағат 17: 11-де "Фрунзенское" ЖШС сөндірді. Оқиға орнына мемлекеттік өртке қарсы қызмет шақырылмаған.

- Мамандар өртке балалардың жалағайлығы себеп болуы мүмкін деген болжам жасайды. Алдын ала нұсқа бойынша, балалар өртенген заттан шыққан улы түтінге тұншығып, уланған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі қайтыс болған балалардың отбасыларына және жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты, - деді Орымбаев.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!