Қостанайда оқушы қызды өлтірді деген күдікті анықталды

15:43, 20 наурыз 2018

Қостанай қалалық ІІД баспасөз қызметі 9-сынып оқушысының өліміне қатысты жаңа деректерді мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

ІІД баспасөз қызметінің берген ақпаратына сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. «Күдікті анықталды. Қостанайдың 44 жастағы тұрғыны. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Еске салсақ, Қостанай орталығында №11 мектептің 9-сынып оқушысын белгісіз біреулердің өлтіріп кеткені туралы хабарланған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!