Қостанайда күйеуі әйелін пышақтап тастап, жоғары қабаттан секіріп кетті

11:16, 21 маусым 2018

Қостанайда Алдамжар атындағы әлеуметтік-техникалық университетте ер адам әйелін өлтіріп, терезеден секіріп кетті.

Ер адам университет қызметкеріне келген, күдікті кабинетте әйелді пышақтап өлтіріп, сосын сегізінші қабаттағы терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды "Алау" басылымы.

Қостанай облысы ішкі істер департаменті Sputnik агенттігіне ЖОО-да болған оқиғаны растады.

"Қазір мән-жайды айта алмаймыз. Оқиға орнында ІІД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", — деп мәлімет берді полицейлер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!