Қостанайда көптен бері есірткі саудалап жүрген әйел ұсталды

16:21, 23 қараша 2017
358

Қостанай қаласында есірткі таратумен айналысқан 49 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала тұрғыны бірнеше жыл бойы есірткі сатумен айналысып келген. Ол бұған дейін де «Есірткі заттарын заңсыз сақтау» фактісі бойынша жазаға тартылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Жедел алдын-алу шарасы барысында полиция қызметкерлері күдік тудырған егде жастағы азаматшаны тексерген. Нәтижесінде оның сырт киімінің қалтасынан полиэтиленмен қапталған түйіншек табылды.

«Қылмыскерді Рабочая көшесінің бойында ұстадық. Оның қалтасында 37 грамм героин болған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 297 бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкері Ілияс Ахметов.

Жалпы жедел алдын алу шаралары аясында жыл басынан бері облыс көлемінде 184 келі есірткі заттары тәркіленіп, 220-дан аса қылмыстық іс қозғалған.

Фото: www.inform.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!