Қостанайда қоқыс жәшігінен шақалақ табылды

09:00, 23 мамыр 2018
571

Қостанайда қоқыс жәшігінен нәресте табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға облыс орталығында болған. Гүлнұр Мейрамқызы есімді қала тұрғынының сөзінше, Қостанайдағы «Олимп» сауықтыру кешенінің маңындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылған. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі мен полицейлер жұмыс істеді. Нәресте ауруханаға жеткізілді.

Облыстық ІІД бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!