Қостанайда қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысы қымбаттайды

12:12, 19 ақпан 2017

Қостанай әкімі Базыл Жақыпов қалалық мәслихат комиссиясының отырысында Қостанайдағы автобустарда жол жүру ақысын көтеру туралы үкімге қол қойды. Енді қостанайлықтар автобустарда жол жүру үшін 60 теңгенің орнына 80 теңге төлейтін болады.

Қала шетіне және саяжайларға баратын автобустардың құны 90 теңгені құрайды. Қостанай қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 7 жасқа дейінгі балалар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушылары, 1 және 2 топтағы көзі нашар көретін мүгедектер үшін жол ақысы тегін. 7-15 жас аралығындағы балаларға 50 пайыз жеңілдік сақталады. Зейнеткерлер барлық бағыт бойынша белгіленген тарифтен 10 теңге аз төлейтін болады. 

Жаңа тарифтің көтерілуі  2017 жылдың 1 наурызында басталады. 

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!