Қостанайда Қазақстандағы ең бай адамның соты болғалы жатыр

17:21, 11 қыркүйек 2019
418

Қостанай қалалық сотында "Иволга Холдинг" ЖШС-ның бас директоры Василий Розиновқа қатысты қылмыстық іс қаралғалы жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- 2019 жылғы 6 қыркүйекте Қостанай қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы 4-бөлігінің "б" тармағы бойынша қылмыс жасады деп күдікке ілінген "Иволга-Холдинг" ЖШС бас директоры Василий Розиновке қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Яғни, ол "аса ірі көлемде ақшаны жымқыру үшін алаяқтыққа барды" деп айыпталуда. Соттың мәліметінше, басты сот отырысы 2019 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 15:00-ге жоспарланған.

Forbes.kz-те жарияланған материалдар дерегіне сүйенсек, 2013 жылы Василий Розинов Қазақстандағы ең бай адамдардың алғашқы елулігі қатарында және еліміздің ең беделді № 10 кәсіпкері тізімінде болған.

Холдингтің қаржылай қиындыққа ұшырағаны туралы мәліметтер 2016 жылы алғаш рет қылаң берген. "Еуразиялық банктің" баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл компания 80 миллион доллар несиені уақытылы төлемеген. Ал бір жылдан кейін Розинов холдинг басшысы қызметінен кетті.

Баспасөз беттерінде еліміздегі ең ірі агрохолдингтің басшысының Як-42 жекеменшік ұшағы бары, ал астық бизнесіне дейін ол ұсталған көліктерді сатумен айналысқаны туралы мәлімет бар.

Ал компанияның өзіне келетін болсақ, "Иволга-Холдинг" ауылшаруашылығы мақсатында өңделген жерге ие. Қазақстан мен Ресей шекарасының екі жағындағы 15 млн гектар алқап осы компания иелегіне тиесілі. Сол секілді Ресейде де, Қазақстанда да элеваторлары бар. Жалпы саны - 31, оның 21-і Қазақстан территориясында, онда да Қостанай облысында орналасқан. Ал қоймаларында 3 млн тоннаға дейінгі астықты сақтауға болады. Компанияны бидай экспортымен шұғыланады. Атап айтқанда, бидайды Ауғанстанға, Грузияға, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Украинаға, Түркияға, Мысырға, Ресейге экспорттайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!