Қостанайда бірінші ауысым оқушыларына мектепке келуге тыйым салынды

09:46, 27 қазан 2020
247

Қостанай қаласында кезекші сыныптарда оқитын бірінші ауысым оқушыларына мектепке келуге тыйым салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бұл өңірдегі ауа-райының күрт құбылуымен байланысты, атап айтқанда боран мен көктайғаққа байланысты бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды Alau.kz.

"Егер балалар мектепке келіп қойса, онда оларды ата-анасыз үйге жіберуге болмайды. Ал ата-анасы келе алмаған балалар мектепте сабақ оқи беруі тиіс", - делінген хабарламада.

Қазір Қостанайда -1 градус, қатты жел тұрып, қар тоқтаусыз жауып жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!