Қостанайда банк қызметкері 87 млн теңгені ұрлап, елден қашқан

15:39, 15 қараша 2019
384

Қостанай облысында банк қызметкері 87 миллион теңгені үптеп, із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz өңірлік полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу оның 2019 жылдың 12 қарашасында Ресей Федерациясының шекарасын кесіп өткенін анықтады.

Қазіргі уақытта оны қамауға алуға рұқсат алынып, оны ұстау шаралары жүргізілуде.

- Өзіне сеніп тапсырылған 87 миллион теңгеден астам соманы банк қызметкері ұрлап, ізін жасырды деген күдікке ілінді, - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігі, яғни "Сеніп тапсырылған аса ірі көлемде мүлікті иемдену немесе ысырап ету" бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!