Қостанайда анасы бір жарым жастағы сәбиін вокзалға тастап кеткен

09:24, 19 маусым 2018
304

Қостанайда баласын тастап кеткен әйелді іздеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, сәби автовокзалдың ана мен балаларға арналған бөлмесінен табылған. Баланы вокзалдың күзетшілері тауып алды. Баламен бірге киімдері салынған екі пакет болған.

Қазір полицейлер тексеру жүгізіп, баланың анасын іздеуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!