Қостанайда адамның кесілген қолы табылды

14:46, 18 қаңтар 2018
481

Қостанайдағы жылу-энергетикалық орталығы коллекторының маңынан адамның дене мүшелері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. 4 қаңтар күні Базовая көшесіндегі ЖЭО коллекторының маңынан адамның кесілген қолы табылған.

«Полицейлер аталған дене мүшесі із-түзсіз жоғалып, кейіннен мәйттері бөлшектенген күйі табылған қостанайлық Александр Самсонов пен Данил Кленкоға тиесілі болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды», - деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Еске салайық, 2017 жылдың 14 қаңтары күні полицейлер бұл қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы тұрғынды ұстаған болатын. Күдікті Александр Самсонов пен Данила Кленконы өлтіріп, денелерін бөлшектеп тастағанын мойындады.

Оның үстіне, сот отырысы барысында айыпталушы Поляничко үшінші адамды да өлтіргенін айтты. Ол жауап алу кезінде өзі өлтірген адамдардың басынан мүйіз көргенін айтқан.

Сараптама қорытындысы бойынша, Поляничко ақыл-есінің кемістігіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!