Қостанай түрмесінде сотталғандар қаза болды

12:51, 24 наурыз 2018

Қостанай облысында төрт сотталған азамат органикалық еріткіштен уланып қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 20 наурыз күні Құсмұрын аулындағы ҚК-161/4 орташа қауіпсіздіктегі мекемеде орын алған.

«Кешкі уақытта сотталғандардың бір тобы түрменің өнеркәсіптік аумағында, спирт негізіндегі химиялық сұйықты (646 еріткіш) тұтынып, қатты уланған. Жедел жәрдем бригадасы уланған азаматтарды Әулиекөл аудандық орталық ауруханаға жеткізді. Медициналық сипатта қабылданған шараларға қарамастан, төрт сотталған азаматты аман алып қалу мүмкін болмады», - деп жазылған хабарламада.

23 наурыз күні уланғандардың біреуі жан сақтау бөлімінен арнайы медициналық палатаға ауыстырылды. Қалған 3 ер адам әлі де жан сақтау бөлімінде жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!