Қостанай соты қалалық әкімдікті 80 миллион теңге төлеуге міндеттеді

09:28, 5 желтоқсан 2019
427

Қостанай қалалық әкімдігі кәсіпкерге 80 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Бұған дейін шаһар билігі атқарылған жұмыстың ақшасын бермек түгілі келісім-шартты заңсыз деп тануға талпынған еді. Алайда апелляциялық шағымды қарастырған облыстық сот мердігерді ақтап шықты, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Еске салайық, қалалық әкімдік орталық саябақтың аркасын жаңартуға бюджеттен 80 миллион теңге бөлген. Тендерді "Сервис КСТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтқан. Мердігер жұмысты дер кезінде бітіргенін айтады. Алайда қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі келісім-шартта қателік кеткенін жеткізіп, бірнеше рет жұмысты доғару жөнінде ескерту жасаған. Тіпті жаңғыртылған доғал қақпа жұмыстарын қабылдамай қойған. Қос тарап сотқа жүгінді. Әкімдік келісім шартты бұзу жөнінде, ал кәсіпкер атқарылған жұмыс актісін тану туралы сотқа талап-арыз түсірді. Әуелі экономикалық сот мердігердің арызын қанағаттандырған еді. Облыстық сот алқасы да сол шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Сергей НУРОВ,ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

- Аталған азаматтық іске қатысты қостанай облыстық экономикалық сотының 2019 жылы 17 қыркүйекте шығарған шешімі өзгеріссіз қалсын. Ал талапкер мен прокурордың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмасын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!