Қостанай облысының әкімі де коронавирус жұқтырды

15:06, 24 маусым 2020

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Барлық сақтық шараларын ұстанғаныма қарамастан, соңғы тапсырған анализ COVID-19 диагнозын растады. Осыған байланысты мен өз-өзімді оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуге көштім, - деп жазды ол.

Ол облыс тұрғындарынан қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтауды сұрайды.

Кезекті рет жерлестерімді аймақта енгізілген шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Баршаңызға мықты денсаулық және бақ-береке тілеймін! Өздеріңізге қамқор болыңыздар!, - деп жазды Архимед Мұхамбетов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!