Қостанай облысында жолда қалып қойған 25 адам құтқарылды

11:55, 16 қаңтар 2018

Қостанай облысында жанармайы қатып қалған автобустан 25 адам құтқарылды, олардың арасында әйелдер мен балалар болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстың ІІД-не сілтеме жасап.

Үшінші қаңтарда Талапкер ауылына жақын жерде VAN автобусы түн ішінде Әулиекөлден облыс орталығына бара жатып, қатты аяз бен мотор майының ағып кетуі салдарынан тоқтап қалады. Автобуста әйелдер мен балалар болыпты.

Сол кезде жолды екі полиция қызметкері шолып жүріп, сынған автобусты байқайды. Полицейлер жолаушыларға көмектесіп, біртіндеп жолшыбай кетіп бара жатқан көліктерге отырғызған.

Автобус жүргізушісі көмекке келе жатқан әріптесін күтіп, жанармайды құйып, көлікті жүргізеді. Полиция қызметкерлері оларды Қостанайға дейін шығарып салған.

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты Қостанай облысы ІІД жергілікті полиция қызметі жасақтарды күшейтіп, жолдарды мұқият бақылап отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!